«Екінші өрлеу» атты көрме Астана жұртшылығына ұсынылды

Танымал британ мүсіншісі - Юнус Сафардиар Қазақстанда алғаш көрмесін өткізді. «Екінші өрлеу» деп аталған көрме автордың өмірге деген ерекше көзқарасын қамтиды. Онда түрлі стильдер мен материалдар және идеялар қосындысын көруге болады. Қонақтарды бұрын-соңды болмаған фигуралар мен суреттер тамсандырды. Футуристік көзқарас пен шығыс халықтарына тән мәдениет қосындысы мүсінде де, сурет пен бейнеинсталяцияда да көрініс тапқан. Айта кетейік, көрме 17 қарашаға дейін Ұлттық музейде болады.

Юнус Сафардиар, мүсінші:

- Адамзат әлі бұндай кезеңді басынан өткерген емес. Модерн кезеңі аяқталып, постмодернде өмір сүріп жатқанымызға да 100 жыл болып қалды. Қазір соның шырқау шегіне жетіп қалдық. Постмодерн дегеніміз не? Оның не бағыты жоқ, не мағынасы жоқ. Әр адамның өзінің жеке көзқарасы бар. Бір адамның жеке әңгімесі деген тұжырым енді жоқ. Мыңдаған, тіпті, миллиондаған адамдардың әңгіме, мысалы бар. Постмодерн кезеңінің жарқын көрінісі де осы.