Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Айта кетейік, «Бақытты балалық» фильмі 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен өткен Балалар жылы аясында шығарылды. Фильм балалардың бос уақытын ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық және білім беру іс-шараларына, балалар үйірмелеріне қатысуы мәселелеріне арналған. Картинада балалар өздерінің жетістіктері, әсерлері туралы әңгімелейді, сонымен қатар болашақ жоспарларымен бөліседі.
Еске сала кетейік, Бүкілресейлік фестиваль Қазан қаласында 5-6 қаңтарда өтті. Оған 300-ден астам қатысушы өз жұмысын ұсынды.