Алматыда Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы сахналанды

Алматыда Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы сахналанды

Алматыда Жошы ұлысының 800 жылдығына орай, алғаш рет «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы сахналанды. Ұлттық опера Алтын Орданың құрылу тарихына негізделген. Тарихи драма екі бөлімнен тұрады. Театрдың жетекші әртістерінің, симфониялық оркестр мен хордың қатысуымен тарихи дәуір шынайы сахналанды. Ұлттық операның басты кейіпкері Жошы ханның әйелі, Алтын Орданың билеушілерінің бірі Берке ханның анасы Хан Сұлтан. Ол – сол кезең тарихындағы өзін де, ұлдарын да Жошы ұлысындағы басты қайраткерлердің қатарына қосқан ұлы адам.

Операға солистер, оркестр, хор, балет топтары және өзге қатысушыларды қосқанда 300-ге жуық өнерпаздар сахнада бас қосты. Арнайы 170-тен аса сахналық киім тігілген. Айта кетейік Қойылымды сахналауға әйгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор шақырылған.

Давиде Ливерморе, операның режиссері:

- Операда ең бастысы  әйелдің, ананың бейнесін ашуға тырыстық.   Және бұған қол жеткіздік деп ойлаймын. Соңғы алты ай оңай болмады. Мен қойылымға арналған материалдың барлығын егжей-тегжейлі зерттедім. Біздің команда опера қойылымын барынша сапалы, ең бастысы, тарих тұрғысынан Ұлы әйелдің образын  барынша ашуға тырысты.

Маралтай Ыбыраев, ақын:

- Бұл жерде көрермен анаға деген құрметті көре алады. Ана барлық нәрсені қаласа, ана Қаратауды да, алатауды да орынына қозғап, өз мақсатына жете алатынын көрсетеді. Олай болатын себебі Хансұлтан дейтін Хорезмшахтың қызы тұтқынға түсіп, кәдімгі әйгілі шыңғыс ханның ұлы Жошыға жар болып, өмірге Алтын орданың  негізін қалаушы үлкен алып тұлғаларадың бірі Беркені дүниеге алып келген ана.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?