Бұл жөнінде «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде белгілі болды. Аталмыш партияның төрағасы Ерлан Қошанов елдегі түрлі саяси ұйымдармен келісіп осындай шешімге келгендерін айтады. Себебі алдағы президент сайлауына үміткер ретінде елдегі бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер Мемлекет басшышысының кандидатурасын ұсынып отыр. Заңға сәйкес, бір республикалық бірлестік тек бір кандидатты ғана ұсына алады. Ал бірлескен шешім коалиция болып саналады. Бұған заң аясында еш шектеу қарастырылмаған.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді тұлға керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын.