Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін
Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент
Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады. Қазақстан Президенті аталған
бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі
мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға
беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын
қолдайды.

