Германия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу
барысында тараптар іскерлік байланыстарды нығайтуға және
бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара қызығушылық
танытты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының
былтыр қыркүйек айында Берлинге жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген
уағдаластықтарды жүзеге асыруға мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев
пен Олаф Шольц екі елдің халықаралық аренадағы күш-жігерін үйлестірудің
маңыздылығына назар аударды. Тараптар алдағы
уақытта Астанада «Орталық Азия – Германия» форматында өтетін жоғары деңгейдегі
кездесудің мәні зор екенін атап өтті.