Қазақстанда авторларға сыйақы төлеу ашықтығын арттыратын Бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Мәжіліс зияткерлік меншік саласына осы және өзгеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заңды қабылдады. Жаңа платформа авторлар, пайдаланушылар және ұжымдық басқару ұйымдары арасындағы шарттарды электрондық форматта рәсімдеуге жол ашады. Яғни, осыған қатысты бар үрдіс автоматтандырылады. Бұл жалған мәліметтердің алдын алуға мүмкіндік береді. Саланы цифрландыруға бағытталған құжатта тауар белгілеріне сараптау және тіркеу рәсімін жеделдету көзделген. Алдын ала сараптама мерзімі бір айдан 10 жұмыс күніне дейін, ал толық сараптама мерзімі жеті айдан үш айға дейін қысқартылады. Бұл жаңа брендтерді уақтылы қорғауға және үшінші тұлғалардың адал емес әрекеттерін кесуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құжат аясында 2029 жылдың бастап ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдарының шығындарын 30% тен 20% дейін төмендету көзделген.
Нұрсұлтан Байтілесов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Басты мақсаты – зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру,
шығармашылық қызмет нәтижелері мен дараландыру құралдарын пайдалануға қатысты
құқықтық қатынастарды дамыту болып табылады. Сонымен қатар, Марракеш келісіміне
сәйкес көру қабілеті бұзылған адамдарға автордың келісімінсіз жарияланған
туындыларға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету көзделеді.

