Түркі мемлекеттері әйелдер кәсіпкерлігін дамыту
үшін күш біріктіруге ниетті. Бұған Қазақстан бастамашы болып отыр. Еліміздің
бұл ұсынысы түсінікті де. Бүгінде ел аумағындағы шағын және орта бизнес
субъектілерінің жартысына жуығы отандық іскер азаматшалардың үлесіне тиесілі. Мемлекет
оларға түрлі оқыту бағдарламалары, жеке ісінің іргесін кеңейту үшін қолжетімді
қаржы құралдары сынды қолдау тетіктерін ұсынады. Бұндай деректер Түркі әлемінің
кәсіпкер әйелдерінің форумында келтірілді. Жиында Қазақстан,
Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның 200 астам өкілі бас қосты. Іс-шарада
«Turkic Business Hub» (тёркик бизенс хаб) халықаралық тұғырнамасын құру туралы
меморандумға қол қойылды. Бұл бауырлас елдер арасында 100 тарта бірлескен
бастаманы іске қосуға мүмкіндік береді.
Ләззат
Рамазанова, Түркі мемлекеттері кәсіпкер - әйелдер кеңесінің төрағасы:
- Менің ойымша бұл
бастаманың мультипликативті әсері өте жоғары болады. Себебі «Turkic Business
Hub» тұтас экожүйені дамытуды көздейді. Яғни, тұғырнаманың өзі осыған
бағытталған. Бұл тек түркі әлемі кәсіпкерлерін біріктіру ғана емес, әлем
нарықтарын бағындыруды мақсат ететін бастама. Әрине, ол бірінші кезекте түркі
әлемінің біртұтас бизнесін қалыптастыруға арналған.
Жеңіс Ермұқанов