Қазақстан Президентін сайлау күні 53 мемлекетте 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беруге шетелде тұратын немесе белгілі бір себептермен сол жерде жүрген азаматтар қатыса алады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Сонымен қатар тиісті ведомство қазақстандықтарды жақын жердегі сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәліметтерді ұсынуды сұрайды. Айта кетейік, шетелдік сайлау учаскелерінде дауыс беру 20 қараша күні таңғы сағат жетіде басталып, жергілікті уақыт бойынша кешкі сегізге дейін жалғасады.