Қазақстанның жаңа Конституциясында ғылымға басымдық берілген

Қазақстанның жаңа Конституциясында ғылымға басымдық берілген

Жаңа Конституция адами капиталды, білім мен ғылымды дамытуды Қазақстанның стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Сарапшылар, ғалымдар мен заңгерлер осы нормаларды іске асыру және оларды заңнамаға жазу жолдарын Қазақ технология және бизнес университетінде өткен семинарда талқылады. Сондай-ақ білім беру және зерттеу саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру перспективалары тәрізді елдің құқықтық дамуының негізгі бағыттары қамтылды.


Тимур Авенов, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты департаментінің директоры:

− Мемлекет басшысы өзінің сөйлеген сөздері мен жолдауларында ғылымның жаңа деңгейге шығуы керектігін бірнеше рет атап өткен болатын. Осы мақсатқа жету үшін біздің міндетіміз - жас ұрпақты қолдау болмақ, дәл осы жас ғылыми қызметкерлерді академиялық ортаға ұйыстыру керек. Міне, осы жұмысты біздің институт Конституцияның ережелерін талқылау және жаңа құқықтық шешімдер, практикалық шешімдер әзірлеу жөніндегі жүйелі қадамдар арқылы атқарып келеді деуге болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?