Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысына қатысушылармен бірқатар кездесулер өткізді. Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады. Одиль Рено-Бассо даму банкінің «жасыл экономика» талаптарын орындау аясында Қазақстан экономикасына 2 миллиард еуро құюды жоспарлап отырғанын айтты. Ал Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президентімен IT-индустрияны дамыту және стартаптар үшін толық экожүйе құру бағытындағы ынтымақтастықты талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа корпорацияның қазақстандық кеңсесі мультиөңірлік хабқа айналғаны туралы айтылды. Оның қызметі Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтиды. Келесі жылы Жасанды интеллект ұлттық орталығын ашу жоспарланып отыр. Президент еліміздегі ірі алтын өндіруші Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті. Инвестор Павлодар жаңа гидрометаллургия кешенінің құрылысын бастады. Мұнда құрамындағы алтынның үлесі 98%-ға жуықтайтын Доре құймасын шығару жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакты қабылдады. Мемлекет басшысына компанияның сапаны бақылау зертханасы мен ғылыми-зерттеу сынақ орталығының құрылысы жөнінде мәлімет берілді.
Әсел Күшенғалиева.