Тәжікстан 2037 жылдан толығымен «жасыл» энергетикаға көшпек. Ол үшін республикада 7 жыл ішінде жаңартылатын энергия көздерінен энергия өндіруді толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент Эмомали Рахмон Бакуде өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының 29-шы отырысында мәлімдеді. Бүгінде Тәжікстанда электр энергиясының 98% астамы елдің су ресурстары есебімен өндіріліп отыр. Бұдан басқа, республика көмірқышқыл газының шығарындылары ең төмен елдер тізіміне кіреді. Сондай-ақ, Орталық Азия елі мұздықтардың еруі мәселесіне ерекше назар аударуда. Республиканың оларды қорғау жөніндегі бастамасын БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдады. 2025 жыл «Мұздықтарды сақтау жылы» деп жарияланды, сондай-ақ оларды қорғау жөніндегі Траст қоры құрылды. Ал, Душанбеде Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның қамқорлығымен және басқа серіктестермен ынтымақтастықта гляциология бойынша Өңірлік үйлестіру орталығын құруды ұсынылды. Ол климаттық проблемаларды шешуде өз септігін тигізеді.
Әсел Күшенғалиева