Қазақстан мен Өзбекстан өндірістік әріптестік бағдарламасы аясында 60 жоба жүзеге асырады. Олардың жалпы құны 3 млрд долларға бағалануда. Сонымен қатар, қосымша 43 жобаны бастау мәселесі де көтерілуде. Екіжақты сауда әлеуетін арттыруда «Орта Азия» Халықаралық өндірістік әріптестік орталығының маңызы ерекше.
Оған қоса, Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе жалпы өңірдің көлік-транзиттік әлеуетін жетілдіруді көздеп отыр. Сонымен қатар, еліміз көршілес мемлекетке 255 тауар түрі бойынша 500 млн долларға экспорт көлемін арттыруға әзір.
Айта кетейік, өткен жыл қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,5 млрд долларға жеткен. Қос мемлекет үкіметтері ауыл шаруашылығы, су-энергетика секторы мен көлік-транзит саласында әріптестікті нығайту үшін инвестициялық және өнеркәсіптік жобалар бойынша жұмыс атқаруды жоспарлауда.