Қазақстанға StarLink ресми түрде келеді

Қазақстанға StarLink ресми түрде келеді

Қазақстанға Starlink келеді. Енді Starlink-тің елде спутниктік терминалдары сатылымға шығады. Жоба елдің шалғай өңірлерін жылдамдығы жоғары спутниктік интернетпен қамтамасыз етуге тиіс. Бұл цифрлық байланыс мүмкіндіктерін кеңейтіп, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға тың серпін береді. Бұған дейін Starlink елімізде тек мектептерге интернет ұсынып, пилоттық режимде жұмыс істеп келді.

Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Биылғы жылдың 3-ші тоқсанынан бастап, Starlink абоненттік терминалдары елдің бүкіл аумағында заңды түрде қолжетімді болады. Оларды жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар да пайдалана алады. Терминалдарды ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, пайдалы қазбаларды өндіру сияқты экономиканың басқа саларында тиімді пайдалануға болады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?