Қазақстанда жеке инвестицияларды тарту арқылы 7 визит-орталық салынды

Қазақстанда жеке инвестицияларды тарту арқылы 7 визит-орталық салынды

Іле Алатау ұлттық паркі мен тау бөктерінде 2 жаңа визит орталығы салынады. Олардың бірі Түрген шатқалы мен екіншісі Бутаковка сайында орналасады.  Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, бұл орталықтар заманауи талаптарға сай салынады және саяхатшыларды мазалайтын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік қарастырылған. Соңғы 2 жылда жеке инвесторлардың қаражатын тарту есебінен Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи орындарында 7 визит-орталық салынып, қолданысқа берілді. Бұл Аюсай, Түргенсай, Сартас, Шарын, Горельник, Медеу және Алтынемел визит-орталықтары. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 тетігі бар.

Атап айтқанда: әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындары  субсидияланады, көлік құралдары мен жабдықтарына және құрылысқа жұмсалған шығынның бір бөлігі өтеледі.