Жергілікті жерлерде тұрғын үйді қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмыстарды үйлестіру үшін жедел топтар құрылды

Жергілікті жерлерде тұрғын үйді қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмыстарды үйлестіру үшін жедел топтар құрылды

Еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су басқан өңірлерде тұрғын үйді, әлеуметтік инфрақұрылымды, коммуналдық шаруашылық объектілерін қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмыстарды жергілікті жерлерде үйлестіру мақсатында 3 жедел топ құрды.  Ведомство басшысы бастаған бірінші топ Ақтөбе облысына барды, одан әрі Ақмола және Қостанай облыстарына аралайды.  

Меруерт Ибраева, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі: 

- Кеше Ақтөбе облысына сапары барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салу үшін әкімдік бөлген жер учаскелерінің жай-күйін тексерді. Әкімдіктің ақпараты бойынша өңірде 436 дайын жер учаскесі бар. Сондай-ақ Қанат Шарлапаев жергілікті кәсіпкерлермен және құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында алдағы қалпына келтіру жұмыстары аясында бірлескен жұмыс жоспарлары мен стратегиясы талқыланды. 

Екінші жедел топ Павлодар өңірінде болды, енді Абай мен Шығыс Қазақстанға облыстарына барады. Ал үшінші топ еліміздің батысын аралап, кейінірек Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарының ахуалымен танысады.