Astana Hub жасанды интеллект саласында стартаптар құруға бағытталған акселерациялық бағдарлама іске қосады

Astana Hub жасанды интеллект саласындағы инновациялық стартаптарды әзірлеушілерді қолдауға ниетті. Ол үшін мұнда талантты мамандарды біріктіріп, тиімді командалар құру жоспарланып отыр. Бұл технопарк іске қосқан жаңа форматтағы AI'preneurs (Ей-Ай принёрс) акселерациялық бағдарламасының басты мақсаты. Бағдарламада географиялық шектеу жоқ, демек әлемнің түкпір-түкпіріндегі әзірлеушілер, инженерлер, деректерді талдаушылар, өнім менеджерлері мен өзге де IT-мамандары қатыса алады. Қатысуға өтініштер 26 мамырға дейін қабылданады. Бағдарламада оқыту, стартап-жобаларды әзірлеу бойынша сала сарапшыларының жеке кеңестері қамтылады.  

Аружан Крамшеева, Astana Hub бизнес-бағдарламалар кеңсесінің аға менеджері:

– Неге біз аталған акселерацияны жаңа формат деп атаймыз. Себебі, бұрын біздің стандартты акселерациялық бағдарламаларымызда біз қалыптасқан командалардан өтінімдер қабылдаған болатынбыз, онда принёрске жеке тұлғалар қатыса алады, ең бастысы кәсіби тәжірибесі болады. Бағдарламаны іске қосу маусым айының соңына жоспарланған. Қазіргі кезеңде біз өтінімдерді қабылдаймыз. Бағдарлама шамамен 3-4 ай бойы Астана қаласында офлайн форматта өтеді. Бағдарлама үш кезеңнен тұрады.