Қазақстанда егіс науқанына дайындық қыза түсті. Көктемгі дала жүмыстарына ерте қамданған оңтүстік аймақтар бүгінде дән егуге кірісіп кетті. Жалпы биыл ел бойынша 24 млн гектарға жуық жерге тұқым себіледі. Оның ішінде 12 млн гектары бидайдың үлесіне тимек. Алқаптарды әртараптандыру жалғасып келеді. Мәселен, жүгері жылдағыдан көпбірек егіледі. Ал суды көп қажет ететін күріш алқабы керісінше қысқарады. Яғни, былтырғыдан 20 мың гектарға аз. Қауырт маусымда әдеттегідей диқандарға мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр. Осы ретте шаруаларға дизель отыны нарықтағы бағадан 15% арзан берілуде. Биыл «Кең дала» бағдарламасы аясында егіс науқанына 750 млрд теңге қарастырылған. Қаржыландыруға қазірдің өзінде 3 мыңнан астам қожалық қол жеткізген.
Ерсайын Досымбетов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы:
- 2025 жылдың қазан айынан бастап, кредит беру басталып кетті. Шаруалардың
тұқым алу техникасын сатып алатын жұмыстарын жүргізуге ертерек шаруаларға үлестірілді.
Ол өнімділікке де, уақытылы жұмысын
бастауға да өз септігін тигізеді.

