Испания сарапшылары Қазақстанның жерасты суларын барлауға қатысады. Су ресурстары және ирригация министрі мен шетелдік мамандар жұмыс жоспарын талқылады. Енді тараптар биыл Қазақстанның батысындағы жерасты суы бар орындарды картаға түсіріп, аэроэлектрмагниттік түсірілім жүргізуге тиіс. Бұл жұмыстарға Испания үкіметі грант бөлуі мүмкін. Қазір екі елдің сарапшылары барлау мәселелерін пысықтап жатыр.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Соңғы жылдың көлемінде біздің мамандарымыз сіздердің компаниямен тығыз әрі белсенді жұмыс істеп келеді. Осы кездесулердің аясында біз үш жоба ұсындық. «Көкжиде» кен орны бойынша келісімге келдік. Сондай-ақ, кездесу аясында талқылауды қажет ететін өзге де жобалар бар. Олар бойынша келіссөздер жүргізуге дайынбыз.

