Қасым-Жормарт Тоқаев Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты

Қасым-Жормарт Тоқаев Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты

Әз-Наурыз әрдайым ырысты ынтымақтың бастауы іспеттес. Бұл күні бұлақтың көзі ашылып, ағаш отырғызылған. Ал, қариялар жастарға батасын берген. Ал, бүгінде Наурыз мейрамы халықты біріктіріп, бүкіл елге ортақ құндылықтар мен бауырмалдық, қамқорлық, сыйластық, отансүйгіштік сияқты қасиеттерді бейнелейді, деп атап өтті Мемлекет басшысы.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бүгінгі жетістіктеріне де тоқтала кетті. Қазақстанда 1 жыл ішінде елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформалар жүргізілгенін айтып өтті. Оның айтуынша, билік жүйесін қайта жасақтау үшін маңызды саяси шаралар іске асырылды.Алдағы мақсат – айқын. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру.  Осы жолда халық арасында келісім мен бірлікті сақтау маңызды, деп қосты Президент.  

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:

- Кеше ғана өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. Осылайша, мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Жалпы, еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты. Тарихи сәт Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесі Әз Наурызбен толық үндеседі, яғни Ұлыстың ұлы күнінде қасиетті Отанымыз мүлде жаңа сипатқа ие болды. Мұны дүние жүзінің көптеген елдері мойындап отыр. Енді саяси жүйесі толық жаңғырған еліміз  тың қарқынмен дамиды. Бұл реформалар экономиканың өсуіне, халық табысының артуына жол ашады. Реформалар міндетті түрде жалғасын табады. Біз жан-жақты дамыған қуатты мемлекет боламыз! Бұл – негізгі мақсатымыз.