Мәжілісте Қазақстанда жүргізілген реформалар сараланды

Мәжілісте Қазақстанда жүргізілген реформалар сараланды

Бүгінде Қазақстанда биліктің барлық тармақтары арасында оңтайлы теңгерімі бар мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа моделі қалыптасты. Елде қоғамның сеніміне ие Конституциялық сот пен саяси партиялар пайда болды. Мемлекет басшысы үшін қайта сайлау құқығынсыз 7 жылдық мерзімді енгізу маңызды қадамдардың бірі. Мәжілісте Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы үш жылдық реформаларының қорытындысы талқыланды. Палата спикерінің айтуынша, олар әділ Қазақстан құру жолының негізін қалады. Ерлан Қошановтың айтуынша, реформалар барысында ата заң үштен бірге жаңарды. Партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша аралас сайлау жүйесі ендірілді. Қазақстан халықаралық аренада да үлкен жетістіктерге жетті. Еліміз өзін «орта» держава және жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелер талқыланатын пікір-талас алаңы ретінде танытты. Бұл ретте Алматыны БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы ретінде бекітуді ерекше атап өту керек.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Аударма. Айта кету керек, Еуропадағы беделді неміс ғылыми-талдау орталығы «Ғылым және саясат қоры» Қазақстанды өңірдегі негізгі ойыншы деп атап, біздің елді орта державалар тізіміне енгізді. Осының бәрі Мемлекет басшысының халықаралық деңгейде жүргізген сындарлы саясатының негізгі нәтижесі деп білемін. Енді біздің алдымызда әлемдік қоғамдастыққа өзіміздің ұлттық мүдделеріміз бен өркениеттік кодымыз, мәдениетіміз бен  тарихымыз бар жетілген мемлекет екенімізді жеткізу міндеті тұр.

Мәжіліс депутаттары Президенттің бағытын қолдайтын қарар қабылдап, қазақстандықтарды басты мақсат - Әділ Қазақстан құру үшін бірігуге шақырды.

Юлия Кучинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің бірнеше бағытта жүргізілген саяси реформаларымыз бірқатар маңызды міндеттерді көздейді.  Олар негізінен қоғамның дамуы мен мәдениетті, диалогты қалыптастыру тұрғысынан қолға алынған өте маңызды қадамдар деп айтуға болады.  Дәл осы өзара іс-қимылдың жаңа тәсілдері экономикадағы, халықаралық аренадағы, басқа да барлық салалардағы әріптестік аясын жаңа үлгіге көшіруге мүмкіндік береді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?