Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуін еуропалық
сарапшылар оң бағалады. Diplomatic World басылымының аға редакторы Альберто
Тюркстра Негізгі заң елімізде жүргізіліп жатқан терең саяси және
институционалдық жаңғыртудың көрінісі деп есептейді. Оның айтуынша, реформалар
мемлекеттік басқарудың тиімділігін, саяси бәсекелестікті және саяси
партиялардың рөлін нығайтуға бағытталған. Жаңа Конституцияда ғылымды, білім
беру мен инновацияны дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Сарапшының пікірінше, дәл
осы салалар орнықты дамудың негізін қалыптастырып, адами капитал мен жастардың
әлеуетін еселейді.
Альберто Түркстра, Diplomatic World басылымының жобалар жөніндегі директоры:
- Бір палаталы парламент саяси жүйені неғұрлым икемді етеді
және азаматтардың сұранысына лайықты жауап қатады. Бұл соңғы онжылдықтағы
өзгерістерді - жаңа қоғам мен жаңа экономикалық модельдің нәтижесі. Сондай-ақ,
реформалар инвесторлар мен халықаралық әріптестердің сенімін арттырады. Бұл
тұрақтылықтың, болжамдылықтың, Еуропамен және басқа да халықаралық
әріптестермен серіктестікті күшейтудің алғышарты.

