Биыл Қазақстанда 9 ЖЭК жобасы іске қосылады

Биыл Қазақстанда 9 ЖЭК жобасы іске қосылады

Түркістан облысында жел және күн электр станцияларын салу жоспарланған. Жақында Қытаймен екі ірі жоба бойынша үкіметаралық келісім жасалды. Бұл жөнінде салалық министрлік мәлімдеді. Сондай-ақ, қазір елде ірі халықаралық компанияның қатысуымен екі жел паркінің құрылысы жүріп жатыр. Аталған бастама өндірілген таза қуаттың 30% жинақтау жүйесімен қамтамасыз етеді. Жалпы биыл ел аумағында баламалы қуат көздеріне қатысты 9 жобаны іске қосу көзделген. Қазір Қазақстанда ортақ жиынтық қуаты 3 ГВт-тан асатын 156 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істеп тұр. Инвесторларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық тетігі аясында іске асырудың түрлі кезеңдерінде 91 жоба бар. Мақсат - экологиялық таза энергия көздерінің үлесін арттыру.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- 2025 жылы 6%, 2030 жылы 15% көлемде осы көрсеткіш болуы керек. Бірақ 2024 жылдың қорытындысы бойынша біз бұл көрсеткішке жеттік. Өткен жылы біз 7,5 млрд КВт сағат жаңартылған энергия көздерінен өндірдік. Ол жалпы, барлық өндірілген энергия көздерінің 6,4% болып шықты. Бүгінгі күні 6 айдың қорытындысы болып қалды. Былтырғыдан қарағанда 12-13% бұл көрсеткішті тағы көтеріп келе жатырмыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?