Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Әзербайжан басшылары телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынын жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айының соңында өтетін Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері халықтар арасындағы бірлікті бекемдеуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды.   Сондай-ақ мемлекет басшысы Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісімге келуі үшін Қазақстан тарапының алдағы уақытта да Алматы алаңын келіссөздерге ұсынуға дайын екенін растады.