Қазақстанда кез-келген топыраққа жарамды, құрамында азоты бар тыңайтқыш жасайтын кешен салынады. Жаңа кәсіпорын елде бұрын-соңды өндірілмеген – карбамидті жасауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, полиэтилен өндіретін үлкен кешеннің де құрылысы жоспарланып отыр. Химия және мұнай-газ-химия салаларындағы жаңа инвестициялық жобаларды Премьер-министр Әлихан Смайылов пен испаниялық «Tecnicas Reunidas» компаниясының атқарушы төрағасы – Хуан Лиадо талқылады. Үкімет басшысы еліміздің әріптестерге барынша қолдау көрсетуге дайын екендіктерін және бұндай инвестициялық жобалар аясындағы серіктестіктің өте маңызды екеніне баса назар аударды. Айта кетсек, 2005 жылдан бері испаниялық компаниялар Қазақстанға 300 млн доллардан астам қаражат салған. Ал былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 42% өскен.