АХҚО пилоттық жобасына 5 биткоин биржасы және 8 қазақстандық екінші деңгейлі банк қатысты

AFSA басшылығының айтуынша, биржалар жыл көлемінде банктермен жұмыс істей отырып,  криптовалюта операцияларына қатысты транзакцияларды заңды түрде жүргізу мүмкіндігін иеленді. Яғни, шоттарды ашу, фиат валюталарын басқарып, сондай-ақ, оларды цифрлық активтерге айырбастау құқығы берілді. Айта кетейік, жобаны тек АХҚО өкілдері ғана емес, сонымен қатар Ұлттық банк, кәсіби департаменттер, қаржылық мониторинг, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттіктері басқара алады. Басты мақсат – Қазақстанда реттеу режимін құру. Ол тек тараптардың мүдделерін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар жалпы алғанда, аймақтық криптохаб ретінде еліміздің әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Ягуб Заманов, АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі fintech комитеті департаментінің директоры: (AFSA)

- Бүгінде банктер криптопровайдерлермен қалай жұмыс істеу керектігін түсінді десек те болады. Енді криптопровайдерлерге банктік шоттарды аша алады, бұл – жобаның бастапқы мақсаты еді. Сондай-ақ, технологиялармен де танысты. Өз кезегінде криптопровайдерлер де банктермен жұмыс істеу тәртібін, реттеуші органдарда қалай жұмыс істеу керектігін, Қазақстанда өз бизнесін дамыту шарттарын біледі.  Тиісінше, біз оң нәтижеге қол жеткіздік.  Атап айтсақ,  бұл саланың дами түсуі, бизнестің өсуі, банктер өз қатысушылары мен клиенттеріне ұсынатын банк өнімдерінің өсімі, сондай-ақ заңнаманың дамуы.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда криптовалюта нарығын одан әрі нығайту мақсатында AFSA осындай биржаларға арналған  орталықтандырылған ережелер жинағын әзірледі. Құжатта қаржы орталығы  жүйесінде қызметтерді көрсетудің негізгі тәсілдері мен қағидалары көрсетілген.

Ягуб Заманов, АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі fintech комитеті департаментінің директоры: (AFSA)

- Қаңтар айында Астана халықаралық қаржы орталығы комитеті ретінде  конституциялық құжатты жарияладық, сондай-ақ, алдағы күндері қоғамдық талқылауға арналған жаңа режимнің өзін жариялаймыз. Барлық қатысушылар өз пікірлерін білдіруіне болады, яғни қоғамдық кеңестерге қатыса алады, түсініктеме беріп, өз ұсыныстарын айта алады, бұл ұсыныстарды комитет назарға алады, әрі қарай осы актіні қабылдаған кезде қатысушылардың ұсыныстары мен талап-тілектері ескеріледі.

Жоба криптовалюта биржаларының Қазақстан нарығына шығуын, ал криптомайнерлердің АХҚО биржаларының платформаларында сауда жасауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл фиат арналары арқылы инвестициялауға қолайлы жағдай жасайды. Нәтижесінде Қазақстанның ұлттық заңнамасына және халықаралық қаржы орталығы актілеріне түзетулер енгізіледі деп жоспарлануда.

Әсел Күшенғалиева