Қазақстан Президенті Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті. Президент бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру, сондай-ақ негізгі салалардағы байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды. Кездесуде Ресей Президенті Владимир Путиннің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Сергей Лавров көпжақты ынтымақтастықтың басты мәселелері үкіметтер деңгейінде пысықталып жатқанын жеткізді. Тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?