«Қазатомөнеркәсіп» 6 учаскеде геологиялық барлау жүргізіп жатыр

«Қазатомөнеркәсіп» 6 учаскеде геологиялық барлау жүргізіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасын қабылдады. Мейіржан Юсупов Президентке еліміздің минералдық-шикізат базасын ұлғайту жұмыстары жөнінде баяндады. Атап айтқанда, биыл екі жаңа учаскеде бұл жұмыс басталған. Жалпы ауданы мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жүргізілуде. Бұл жұмыстар компанияның жаһандық атом индустриясындағы Қазақстанның позициясын одан әрі нығайту жоспарының аясында жүзеге асырылып жатыр.

Қазір жасанды интеллект технологиясының қарқынды дамуына және дата-орталықтардың энергия тұтыну көлемі артуына байланысты, сондай-ақ жаңа атом реакторларын жеделдетіп салу әсерінен әлемде уран тапшылығы сезілуі ықтимал. «Қазатомөнеркәсіп» сирек кездесетін металдарды өндіру бағытын дамытуды жоспарлап отыр. Қыркүйек айында компанияның нарықтағы капитализациясы ең жоғары тарихи межеге жетіп, 14 млрд доллардан асты. Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?