Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central
Asia & Caucasus 2026 халықаралық көрмесін аралап көрді. Мемлекет басшысына
Al-Farabium суперкомпьютері базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның
ішінде «Қазақтелеком» байланыс орталығының Al-ассистенті таныстырылды. Бұл
цифрлық шешім қоңырауды алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа
жібереді, осылайша, азаматтардың құқығы қорғалады. Сондай-ақ, Президентке банк
жүйесіндегі жобалар таныстырылды. Цифрлық активтер экожүйесін құру, крипто хаб
инфрақұрылымын дамыту және Қазақстан қор биржасында токен түрінде қаржы
құралдарын шығару қарастырылуда. Көлік-логистика саласындағы KEDEN бірыңғай
цифрлық платформасы кедендік бақылау үдерісін оңтайландырса, ал SmartCargo
–логистикалық қызметтердің бірегей цифрлық терезесі болмақ. Бұдан бөлек,
Мемлекет басшысы Алматы қаласының ІТ экожүйесімен және білім беру, маман
даярлау, балалар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол-көлік қозғалысын
бақылау секілді цифрлық шешімдермен танысты. Сонымен қатар Президент Орталық
Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралады.

