Түркіменстан
астанасында өнеркәсіп және кәсіпкерлік көрмесі ашылды. Экспозицияда 100-ден
астам жетекші жергілікті өндірушілердің өнімдері назарға ұсынылған. Көрмеде танымал
брендтермен қатар, жаңадан іс бастаған компаниялар бар. Олар тоқыма, тұрмыстық
химия, құрылыс материалдарын таныстырып, халықаралық стандарттарға сай және
ішкі нарықта да, шетелде де сұранысқа ие тауар түрлерін ұсынды. Сонымен қатар,
келушілер дәстүрлі түркімен өнімдерімен таныса алады. Ұйымдастырушылардың
айтуынша, көрме елдің бай мәдени мұрасын айғақтайды және дәстүрлер мен заманауи
кәсіпкерліктің үйлесімін көрсетеді.
Реджепмурат
Ханов, кәсіпорын маманы:
- Біз
ірі қара мал өсіруге маманданамыз, сондай-ақ ұсақ мал өсірумен де айналысамыз.
Құс өсіру секторына да ерекше көңіл бөлеміз. Кешен базасында бөдене, тауық, шіл,
үйрек және қырғауыл өсіреміз.
Гурбангельды
Пириев, компания өкілі:
- Біз
жобалаудан бастап зауыттар мен өнеркәсіп объектілерін іске қосуға дейінгі жұмыстардың
толық циклін орындаймыз. Біздің мақсатымыз - нысандарды салу ғана емес, ұзақ
мерзімді перспективада орнықты өнеркәсіптік инфрақұрылым қалыптастыру.
Тәжігүл Құрбанова, Халықтық-қолданбалы шығармашылық жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі:
- Біз
мәдени мұрамызды сақтап, бүкіл әлемге қызықты жаңа шығармашылық бағыттардағы
ізденісімізді жалғастырамыз.

