Қазақстан көмір генерациясын дамытуға ниетті

Қазақстан көмір генерациясын дамытуға ниетті

Қазақстанның көмір генерациясын дамытуға кемі 7,5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет тиісті Ұлттық жобаны бекітті. Құжат 2030 жылға дейін елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған орай жоба  аясында 8 гигаватт қуат көзін енгізу мен жаңарту және 8 жаңа энергия өндіру нысанын салу межеленген. Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған 11 станция жаңғыртылмақ. Энергетика министрлігі атап өткендей жоба бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады. «Таза көмір» технологияларын енгізуге және экологиялық жүктемені азайтуға ерекше назар аударылды. Саланы дамыту экономиканы индустрияландыру және цифрландыру аясында электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты жабуға мүмкіндік береді деп күтілуде.


Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Бұл Ұлттық жобаның тағы бір бағыты - жаңа генерация көздерін айналымға енгізумен қатар, қолда бар нысандарға күрделі жөндеу және түбегейлі жаңғырту, заманауи экологиялық талаптарға сәйкес келетіндей етіп барлық қолданыстағы көмір энергетикалық қуат көздерін кеңейту, сондықтан алдағы уақытта таза көмір технологиялары қолданылатын болады. Бұл Ұлттық жоба дамып келе жатқан өнеркәсіптің қажеттілігін өтеп қана қоймай, Мемлекет басшысы айтқандай - жасанды интеллектке сұраныстың артуымен бірге өсетін электр энергиясына қажеттілік көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?