Қ. Тоқаев В. Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қ. Тоқаев В. Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және даму перспективасын, сонымен қатар шекара маңындағы өңірлерде орын алған су тасқыны жағдайын талқылап, екі ел үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды. Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.