Қазақстан кеме құрастыруды бастайды

Қазақстан кеме құрастыруды бастайды

Қазақстанда кеме жасау зауыты пайда болуы мүмкін. Қазір жоба пысықталуда. Бұл туралы еліміздің Көлік министрлігі хабарлайды. Кеме верфін Каспий теңізінің жағалауында салу жоспарланып отыр. Айта кетейік, мұндағы Ақтау портында контейнерлік хаб салу жөніндегі жобаны іске асыру жалғасуда. Оның болжамды қуаты – 20 футтық 300 мың контейнерге тең. Өндірісті іске асыру үшін аспан асты елімен бірлескен кәсіпорын құрылады. Бұл ретте Қытай компаниясы инвестор ретінде әрекет етеді. Ал, Құрық портында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы пайда болады, бүгінде оның құрылысы сәтті жүргізілуде. Жоба Араб компаниясы қаржыландыруымен жүзеге асырылуда. Саржа терминалының қуаттылығы жылына шамамен 9,5 млн тоннаны құрайды. Нысан астық, мұнай құю және әмбебап терминалдарды қамтымақ. Оны 2027 жылға дейін іске қосу жоспарлануда.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?