Еуропалық Одақ Орталық Азия және Моңғолиямен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы Брюссельде Еуропарламент делегациясының отырысында саясаткерлер мәлімдеді. Депутаттар аймақтардың дамуының тарихын атап өтіп, бүгінде бұл елдер Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды буын – көпір іспеттес деп атап өтті.
Карстен Люке, Еуропалық Парламенттің сыртқы істер комитетінің мүшесі:
-Орталық Азия – өте маңызды және қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Алдағы
уақытта еуропалықтар үшін бұл елдер жақын серіктес атануы тиіс. Әлемде
өзгерістер жылдам болып жатқанда, геосаясат барған сайын маңызды рөл атқарады.
Согдықтан ынтымақтастықтың маңыздылығы арта түседі. Бұл Орталық Азия
мемлекеттері үшін де, Еуропалық Одақ үшін де тиімді деп ойлаймын. Біз көптеген
салалардағы әріптестікті нығайтуға тиіспіз. Атап айтқанда бұл –
көлік-логистика, инвестиция және климаттың өзгеруі.
Өз кезегінде Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұхан еуропалық
саясаткерлерді Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі
ойларымен таныстырды. Ол елімізде реформалар сәтті өтіп
жатқанын, мемлекеттік және банктік қызметтерді цифрландыру қарқынды жүріп
жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ
көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Еуропа
ынтымақтастығын дамыту перспективалары мен аса маңызды тақырыптарға да тоқталды. Кездесу соңында Орталық Азия және Моңғолия халықтарының
этно-мәдени көрмесі ұйымдастырылды. Онда Қазақ
хандығы бейнеленген ежелгі еуропалық карталар ұсынылды.
Марғұлан
Баймұхан,
Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшісі:
-Еуропарламентте саяси және экономикалық аспектілерді талқыға салынатындықтан бұл шара өте маңызды. Бүгін біз Орталық Азия мен Моңғолия елдерінің барлық елшіліктерінің қолдауымен осында өлкеміздің мәдени мұрасын, ортақ тарихын мен салт-дәстүрін көрсету, ата-бабаларымыздың қолөнерін кеңге паш ету мақсатында көрме ұйымдастыруды жөн көрдік. Сонымен қатар еуропалық одақпен қарым-қатынасымызды нығайта түсеміз. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің туристік жерлерімен еуропа елін таныстыра отырып, кең байтақ Қазақ елінің тұмса табиғатын да өзгелерге паш етеміз.