Атырауда Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың ескерткішіне гүл шоқтарын
қойып, тағзым етілді. Ол соғыста ерлігімен танылған, қазақтан шыққан тұңғыш
ұшқыш әйел. Ол майданға өз еркімен аттанып, 46-гвардиялық Таман әйелдер әуе
полкінің құрамында қызмет еткен. Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина,
Беларусь, Польша мен Германия жерін жаудан азат етуге қатысқан. Екі рет ауыр
жараланғанына қарамастан, ол сапқа қайта оралып, Жеңісті Берлин түбінде қарсы
алды, көптеген жауынгерлік ордендер, медальдармен марапатталды. Ал 2004 жылы
оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Тұрсын Қалимова, Журналист, Қоғам қайраткері:
- Атақты Марина Роскованың әуе полкына қабылданып, 300-ден астам әуе
шабуылына қатысқан. Және 14 рет ұшақтан құлап жарақат алған. 2019 жылы 16
қыркүйекте Хиуаз Доспанова апамыздың композициялық ескерткіші бой көтерді.
Яғни, әуежайдың алдында. 2020 жылы 19 наурызда 9 жарым жылдан кейін Атырау
қаласының халықаралық әуежайына Хиуаз
Доспанованың есімі берілді.

