Қазақстанда жол құрылысына алюминий өндірісіндегі жанама өнім - боксит шламы қолданылады. Отандық ғалымдардың айтуынша, «боксит шламы» әдеттегі материалдардан 2-3 есе берік болып келеді. Сонымен қатар бұған дейін тас жолдарға төселіп, сынақтан өткізілген кезінде жақсы нәтиже бергені ескерілді. Нақтыласақ, осыдан 7 жыл бұрын «Павлодар-Семей-Қалбатау» тас жолына және 20 жыл бұрын «Омбы-Майқапшағай» жолына төселді. Бұған қоса жаңа технологияны қолдану қаржыны үнемдеп қана қоймай, жылына 5 мың шақырымға дейін жаңа жол салуға мүмкіндік береді. Сондықтан оны қолданысқа енгізуден ұтарымыз көп, дейді ғалымдар.
Қайрат Мұхамбетқалиев, «ҚазжолҒЗИ» АҚ ғылым басқармасының
басшысы:
- Зертханалық сынақтар материал үлгілерінде беріктігі артқанын көрсетті. Аталған бокситті шлам
автомобиль жолдары негізіне қолданылды. Бұл тәжірибені біз мұқият зерттеудеміз.
Сондықтан оны алдағы уақытта еліміздің барлық жолға қатысты жобаларында кеңінен қолдануды қарастырудамыз.
Сонымен қатар қазір ғалымдар басқа да инновациялық материалдарды әзірлеуде. Атап айтқанда өздігінен тығыздалатын бетон қоспаларына арналған құрамдарды, асфальтты бетонға арналған инновациялық минералды ұнтақ дайындау жұмыстары мәресіне жетуге жақын қалды.
Авторы Әсел Күшенғалиева