Қ. Тоқаев су тасқыны салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша тапсырмалар берді

Қ. Тоқаев су тасқыны салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша тапсырмалар берді

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пунктердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді.

Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары азаматтармен белсенді әрі тиімді жұмыс істеуге, мемлекеттік саясатты және туындаған мәселелер мен негізделген талаптарды шешу бойынша қабылданып жатқан шараларды түсіндіруге міндетті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда 24 мыңнан астам қазақстандық отбасы 9 млрд теңгеден астам сомаға бір реттік төлем алды. 200 астам отбасы ескі тұрғын үйлерінің орынына жаңа баспанаға ие болды.

Сонымен қатар Ақтөбе, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін 658 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда тасқын салдарын жою жұмыстары жалғасуда, әрі биліктің қатаң бақылауында.