AZAL ұшағы бойынша тергеудің алдын ала нәтижелері осы аптада жариялануы мүмкін

AZAL ұшағы бойынша тергеудің алдын ала нәтижелері осы аптада жариялануы мүмкін

Ақтау маңындағы әзербайжандық әуе желілері ұшағының апатқа ұшырауын тексерудің алдын ала қорытындылары осы аптада жарияланады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың мәліметінше, Қазақстан, Әзербайжан және Ресей сарапшыларымен бірге іске Халықаралық азаматтық авиация ұйымының өкілдері де қосылды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:


- ICAO-ның стандарты бойынша әуе апатының алдын ала себептері бір айдың ішінде жариялануы керек. Әңгіме тек криминалистік тергеу туралы емес, авиациялық биліктің авиациялық оқиғаны тексеруі туралы болып отыр. Өздеріңізге белгілі арнайы комиссия тобы жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында Ресей, Әзербайжан сарапшыларының қатысуымен шамамен 17-18 адам, ИКАО, Бразилия және т.б. өкілдер бар. Алдын ала болжам жарияланады. Бас прокурордың, көлік прокуроры Сүлейменов мырзаның жеке бақылауының аясында қылмыстық іс қозғалды. Онда баллистикалық және жарылыс-техникалық сараптама беріледі. Қазір онда жұмыс жалғасуда.


Сондай-ақ, апатта қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына көмек көрсетілетіні белгілі болды. Қазір нақты соманы жергілікті әкімдіктер анықтауда. Соңғы шешім осы аптада қабылданады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?