Қ.Тоқаев сегіз мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қ.Тоқаев сегіз мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақордада Украина, Үндістан, Алжир, Швеция, Бельгия, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия, Латвия, Грузия сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарға Қазақстанның көп векторлы және теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы еліміздің конструктивті диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық екенін айтып, жаңадан тағайындалған елшілер Қазақстанмен серіктестік байланыстарды нығайту мен кеңейту ісіне белсенді түрде үлес қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, ол дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтады!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?