Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің президенті Витольд Баньканы қабылдады. Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықты кеңейту сондай-ақ жүйелі түрде тәртіп бұзушылармен күресу және таза спорттың бірыңғай стандарттарын қолдау бойынша пікір алмасты. Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі жанынан допингке қарсы сынамалар зертханасы жұмыс істейді. Бұл – Орталық Азиядағы осы тектес жалғыз мекеме. Зертхана базасында Өңірлік допингке қарсы ұйым қызмет етеді. Оның құрамына біздің республикадан бөлек 7 ел кіреді. WADA президенті еліміздің спорт құрылымдарымен ықпалдастық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Витольд Баньканы Қазақстан спортын дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

