1 қыркүйектен бастап Қазақстандық мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі

1 қыркүйектен бастап Қазақстандық мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі

Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық оқушылар үшін арнайы ас мәзірі құрылады. Оқу мекемелерінің асханаларында тамақтану стандарттары өзгертілді. Денсаулық сақтау министрі тиісті бұйрыққа қол қойды. Енді фастфуд, кофе, кремді тоқаштар мен басқа да тәттілерге тыйым салынбақ. Сондай-ақ, мәзірде шошқа, қой және бұқа етінен жасалған тағамдар болмайды. Тұз, соустар, майонез және кетчуп сынды ас дәмдеуіштері қосылмайды. Бұндай тыйымдар тізбесіне ашыған сүт өнімдері, оның ішінде айран мен сүзбе, сонымен қатар, шырындар мен дәмдік қоспалары бар су кіреді. Жаңа мәзір қазақтың дәстүрлі тағамдары - сиыр еті қосылған сірне, жент, құрт, сондай-ақ йогурт, компот, көкөніс тілімдері, тұтас дәндер, глютенсіз ұннан жасалған өнімдерден құралады. Бұл ретте айта кетерлік жайт, азық-түліктің 75% өсімдік өнімдерінен тұрады. Яғни, негізінен көкөністер, жемістер, жармалар, бұршақтар, жаңғақтар мен тұқымдар енеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?