БҰҰ мүше-мемлекеттер балаларды қорғауға қатысты Қазақстандық реформаларды жоғары бағалады

БҰҰ мүше-мемлекеттер балаларды қорғауға қатысты Қазақстандық реформаларды жоғары бағалады

Қазақстанның балалар құқықтарын қорғау саласындағы реформалары БҰҰ мүше мемлекеттер тарапынан жоғары бағаланды. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елде бұл бағытта ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылуда. Олар ең алдымен қоғамның осал топтарының мүдделерін қорғаудың тиімді әрі кешенді жүйесін құруға бағытталған. Қазақстан бұл мәселеде халықаралық стандарттарды ұстанады. Өткен жылы өскелең ұрпақты қорғауға қатысты негізгі алты заң қабылданды. Ол құжаттардың негізгі мақсаты - балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы жауапкершілікті күшейтетін нормаларды енгізу. Сондай-ақ, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл институтының мәртебесі артты. Қазір оның өкілдері еліміздің әрбір өңірде бар. Тәлімгерлік институты енгізіліп, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатары артты. Сарапшылар ел болашағының әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін алға тартады.


Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:


- Осылайша, мемлекет қабылдаған шаралар балалардың өсуі мен дамуы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға, оларды қорғауды, қолдауды және толыққанды оқыту мен әлеуметтену үшін мүмкіндікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қадамдар еліміздің әрбір кішкентай азаматының бақытты балалық шағының кепілі.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?