Қасым-Жомарт Тоқаев
еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып,
көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты. Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық
серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген
уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін телефон арқылы талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік
деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.