Қ.Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысын қабылдады

Қ.Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның сапары Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестігін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біздің саяси жүйелерімізде президент әкімшіліктері айрықша рөл атқарады. Мен әкімшіліктер арасындағы жұмыс қатынастарының жанданғанын әрдайым қолдаймын. Бір-бірімізбен байланыстарымыз артқан сайын Орталық Азиядағы тұрақтылық, өңірлік ықпалдастық нығая түседі. Өйткені Қазақстан да, Өзбекстан да тұтас көрсеткіштер бойынша ірі мемлекеттер саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдады. Өз кезегінде Саида Мирзиёева Өзбекстан Президентінің ізгі сәлемін жеткізіп, оның Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше мән беретінін атап өтті.

Саида Мирзиёева, Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы:

- Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық және орнықты даму жолында бірге жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесі байқалады. Біз бірлесе отырып, аймақ үнін жаһандық аренаға жеткізе аламыз. Өзбекстан бүгінде бауырлас Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерді құптайды. Қазақстан – сенімді одақтасымыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?