Сенат «Түркі
инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң мақұлдады.
Қор құру туралы келісімге биыл наурыз айында Анкараны Түркі мемлекеттерінің
ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті аясында қол қойылды. Қордың
құрылтайшылары тізіміне біздің елмен бірге Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан және
Қырғызстан да кіреді. Қордың жарғылық капиталы 500 млн доллар көлемінде болады
деп болжанып отыр. Ол әрқайсысының номиналды құны 50 мың доллардан тұратын 10
мың акцияға бөлінеді.
Абзал Әбдікәрімов, ҚР
Ұлттық экономика вице-министрі:
-Төленген акциялар
350 миллион долларды құрайды, яғни қатысушы әрбір мүше мемлекетке 70 млн долларды
құрайтын төленген акциядан келеді. Қажет болған жағдайда қорға жобалар
портфелін ұлғайтылуына байланысты қосымша қаржыландыруды сұрай алады.
Сондай-ақ, келісімге мүшелікке өзге мемлекеттерді қосу мүмкіндігі де
қарастырылған. Халықаралық қаржы ұйымдарынан қосымша қаражат тарту да бар. Жақында
Венгрия бақылаушы ел ретінде келісімді барлық елдер ратификациялағаннан кейін
кемінде 100 миллион доллар көлеміндегі белгілі бір қаражатты салуға дайын
екенін мәлімдеді.
Қор бірден бірнеше
маңызды функцияларды орындайды. Атап айтқанда, аймақішілік сауданы дамытуға жәрдемдеседі,
шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландырады. Бір айта кетерлігі, оның
капиталы бірінші кезекте барлық қатысушы елдер үшін өзара мүдделі салалардағы
жобаларды қолдауға және дамытуға бағытталады. Оның ішінде өнеркәсіп өндірісі,
инфрақұрылым, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік, логистика және басқа да
салалар бар.
Абзал Әбдікәрімов, ҚР
Ұлттық экономика вице-министрі:
-Біз ел ретінде
бірінші кезекте халықаралық көлік дәліздерін дамыту жобаларын ұсынуды жоспарлап
отырмыз, мысалы, Tранскаспий халықаралық транзит маршрутын дамыту – бұл
контейнерлік хаб салу, Құрық портын кеңейту, сонымен қатар тағы да басқа
маңызды жобалар. Қолға алынған шаралар халықаралық ынтымақтастық пен сауданың
дамуына оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз.