Президент «Chevron» корпорациясы директорлар
кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады. Кездесуде ірі
инвестициялық жобаларға, оның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісіне ерекше
назар аударылды. Мемлекет
басшысы «Chevron» компаниясымен
серіктестік еліміздегі энергетика саласын тұрақты дамытуда негізгі рөл
атқаратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Уиртті «Теңіз» кен орнын
кеңейту жобасының табысты аяқталуымен құттықтады. Президент отандық
компаниялардың мұнай-газ секторындағы үлесін арттырудың өзектілігін атап өтті.

