ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ+» саммитінен кейін Қазақстан Президенті моңғолиялық әріптесімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-транзит әлеуеті, тауар айналымын ұлғайту мәселелерін талқылады. Соңғысына қатысты Мемлекет басшысы екі ел арасындағы алыс-берісті 500 миллион долларға дейін ұлғайтуға болатынын атап айтты. Осыған орай тараптар қазақ-моңғол іскерлік кеңесін құруға және жол картасын қабылдауға мүдделі. Өз кезегінде Моңғолия Президенті Астананың халықаралық аренадағы рөлі нығайып келе жатқанын айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаевты Моңғолияға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысқаны үшін Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасына ризашылығын білдірді. Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің Астанаға сапарының маңызы ең алдымен, энергетика, көлік-логистика және өнеркәсіп салаларындағы ықпалдастықтың нақты мәселелерін талқылау тұрғысынан мәні зор екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ мәдениетінің дәріптелуіне қолдау көрсетіп, Ашхабадта ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткіш ашқаны үшін түрікмен көшбасына алғыс айтты.