Жетісу өңірінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында орналасатын «Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасы қайта жанданатын болды. Облыс әкімдігінің дерегінше, оны жүзеге асыру үшін 1 трлн теңгеден астам инвестиция құйылады. Логистикалық техно-парк аумағында жаңа өндірістік кешендер, дамыған инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары, сауда ойын-сауық орталықтары және фуд-корттар сынды нысандар бой түзейді. Еске сала кетейік, пандемияға байланысты ондағы құрылыс жұмыстары тоқтап 2 жылға шегерілген болатын.