Қазақстан Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

Қазақстан Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

Қазақстанда дербес мәліметтерді таратқаны үшін жаупкершілік күшейтіледі. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында киберқауіпсіздік мәселелері қаралды. Онда Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыруды көздейтін міндет жүктегенін айтты. Мұндай шешім кешенді шаралар қабылдауды талап етеді. Бұл қазіргі заманғы киберқатерлер мен оған қарсы іс-қимыл әдістері, аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау, киберқауіпсіздік индустриясын дамыту және кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері. Отырыс соңында Мемлекет басшысы киберортадағы қауіпсіздік қағидаттарын халыққа кеңінен түсіндіріп, киберқауіпсіздік мәселелерін жүйелі түрде шешу мақсатында бірқатар шара қабылдауды тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?