Қазақстанда 2018-ші жылдан бері сирек
кездесетін металдар саласы 67 млрд теңгеге қаржыландырылды. Бүгінгі таңда геологиялық
барлау жұмыстарының жалпы ауданы 100 мың шаршы шақырымды қамтиды. Өткен жылдың
өзінде ғана қатты пайдалы қазбалардың келешегі зор 38 кен орны ашылды. 25
учаске зерттелуде. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен саланы
дамыту жөніндегі кеңес барысында айтылды. Қазір Қазақстанда бериллий, тантал,
ниобий және тағы басқа қазбалар өндіріледі. Сонымен қатар, галлий мен индий алу
технологиялары бар. Болашақта батарея материалдарын, ыстыққа төзімді
қорытпаларды өндіру және жартылай өткізгіш материалдар өндірісін жолға қою
көзделген. Олжас Бектенов өндірісті жандандырып, сирек кездесетін металдар
бойынша өңірлік зерттеу орталығын құруды тапсырды. Айта кетейік, еліміздің
металлургия құрылымындағы бұл саланың үлесі қазір шамамен 2,5% құрайды.

